2024 - 2025 оқу жылында мектеп - гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы 11 - сыныпты бітіретін 84 оқушыны ҰБТ-ға және қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында қыркүйек, қазан, қараша айларындағы сынама тест көрсеткіштері бойынша сараптама жүргізді, сараптамаға пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және әкімшілік құрам қатысты.

 

Сараптама жасаудағы мақсат-ҰБТ –дан бітірушілеріміздің жоғары баға көрсетуі үшін үздіксіз дайындық жүргізу.

 

Сонымен қатар, мектеп базасында 10-11 сыныптар бойынша тест сұрақтарының ресурсы әзірленуде, сол ресурс негізінде оқушылардан ай сайын электрондық нұсқада сынама тест алынып сараптама талдау жұмыстары жүргізіледі.

 

Бітіруші 11 сынып оқушыларын ҰБТ мен қорытынды аттестаттау емтихандарына дайындық жұмыстарын күшейтуді пән мұғалімдеріне тапсырылды.