2024 жылдың 18 - 22 қараша аралығында Нағи Ильясов атындағы #9 мектеп - гимназиясы бастауыш сынып бірлестігінде “Жаңа Қазақстан мүддесіне тек біліммен ғана қызмет ете аламыз!” тақырыбында апталық өткізілді.

Оқыту мен тәрбиелеуде құндылыққа бағытталған тәсілдерді қолдана отырып,сапалы білім беруді ұйымдастыру,нәтижеге бағыттау мақсатында жоспарланған жұмыс түрлері жүргізілді.

Іс - шарада біздің ұстаздарымыз бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізуде “Толық Адам”ілімі мен “Тілге бойлау”,”Біртұтас тәрбие”,”Оқуға құштар” жобаларын басшылыққа ала отырып,қызу да қызықты еңбек жасалып, түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Апталықтың жабылу кезеңін мектеп-гимназиямыздың 1”г”сынып оқушыларының В.Сутеевтің”Мешок яблок”ертегісінің сахналық көрінісін тамашалаумен көрініс тапты.