Мектебімізде 22-қараша күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді. Оның құрамында медицина қызметкерлері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар комитеттерінің өкілдері бар.
Пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына бақылауды жүзеге асырып, қадағаланады.
Тексеру барысында комиссия мүшелері: асхана жұмысын, оқушылардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуын тағам өнімдерінің сапасын тағамның құрамы ас мәзіріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін,асхана қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын, санитарлық кітапшаларының және құжаттардың талапқа сай болуын бақылады.
Тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасына, тамақтардың шығуын, дайындалған тамақтану бір реттік порция көлемін және балалар санына сәйкестігі тексеріп, бракераж журналдарына жазба енгізілгенін тексерді.
Комиссия тарапынан аспазшылардың ас болгында тағамдардың дайындау технологиясы мен сапасына қойылатын талапты ұстануды қатаң бақылауға алған. Пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына бақылауды жүзеге асырып, қадағаланады. Күнделікті ас мәзірі дұрыс жасалғандығы тексеріліп, бекітіліп, ілінеді. Аспазшылардың киім үлгісі таза екендігі, жеткізілген тамақ өнімдерінің жарамдылығы, шикі зат өнімдерінің сертификаттарының бар болуын тексерді.
Мониторинг нәтижесінде оқушылардың тамақтануына жағдай жасалынған, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай.
Бекітілген ас мәзірі бойынша дайын тағамдардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде.
Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген.
“Дұрыс тағам - денсаулық негізі”. Оқушыларымыздың дұрыс тамақтануы, денсаулығы басты назарда.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/347-pajdalanatyn-tama-nimderini-sapasyna-ba-ylaudy-zh-zege-asyryp-ada-alanady.html#sigFreeIdf869168c70






