Құттықтаймыз!
Жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында өткен "Robo Battle" облыстық жарысында мектебіміздің 10 "Ә" сынып оқушылары Айдос Алибек және Көбейсін Иманғали жүлделі 3-орын иеленді.
Қос жүлдегерді білім бәйгесіне дайындаған білікті мұғаліміміз, информатика пәні мұғалімі Төлегенов Бағдат Әбдіхамитұлы.
Жеңіс барлық мұғалімдер мен оқушыларды жігерлендіріп, ерекше қуанышқа бөледі.