ПӘНДІК ОЛИМПИАДА
МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢ
Мектебімізде 2024 жылдың қараша айының 5-і күні 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану - математикалық және қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау, білімдерін жетілдіруге жағдай жасау.
Мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы оқушыларға олимпиаданың ережесін таныстырып, сәттілік тіледі. Олимпиадаға 7-8 сыныптардан 10 пән бойынша 32 оқушы қатысты. Жекелеген пәндерден арнайы дайындалған тапсырмалар арқылы жұмыстар алынып, білім жүйріктері анықталды. Мектепішілік кезеңнің жеңімпаздары олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңінде мектеп намысын қорғайды. Дарындыларымыздың білім шыңын бағындыруына сәттілік тілейміз!
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/324-p-ndik-olimpiada-mektepishilik-keze-i-tti.html#sigFreeId61cfd25b3c






