Жаңадан тағайындалған Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы ұжыммен және сынып жетекшілермен, 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Кездесу барысында мектеп басшысы тәртіп пен білімнің қай кезде де бірге жүруі керегін айтып, ұжымды бірге жүйелі жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, мектепті жаңа белестер, серпіліс күтіп тұрғанын жеткізді. Педагогикалық ұжым жаңа басшыға сәттілік тіледі.
View the embedded image gallery online at:
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/323-zha-a-direktormen-kezdesu-tti.html#sigFreeIdad0e974cb0
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/323-zha-a-direktormen-kezdesu-tti.html#sigFreeIdad0e974cb0






