2024 жылдың 24 қазан күні Қызылорда қаласы Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп-гимназиясында Республикамыздың ұлттық мерекесі күні қарсаңында еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін құрметтей отырып “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында бастауыш МАД, 1-4 сыныптар арасында “Адамзат табиғатпен егіз бе едің?” тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл мерекенің мақсаты оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, ата-аналар мен оқушы, ұстаз арасындағы ынтымақтастық іс-әрекетін дәріптеу, табиғат-Ана сыйының құдіретін паш ету.
Іс-шара 3 бөлімнен тұрды.
І бөлім: Сурет көрмесі
(МАД балалары мен 1 сынып оқушылары арасында)
ІІ бөлім: “Адамзат табиғатпен егіз бе едің?” көрмесі “Күзгі гүл шоғы”, “Күз-байлық береке” номинациясы бойынша.
ІІІ бөлім: Күзгі киім шеруі.
9 мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Палмағанбетова молшылық мерекесімен құттықтады. Мерекелік шараға әділ-қазылар қатысып, әділ бағаларын беріп, әрбір бөлімге дипломмен марапаттап отырды. Әр сынып күз мезгілінің ерекшелігін, молшылығын көрсету үшін керемет дайындығын көрсете білді. Күзгі киім шеруінде үміткерлер аудитория мен қазылар алқасының алдында подиум жолымен жүріп өтті. Мерекеде би биленіп, әннен шашу шашылды.
Іс-шара мереке мен шаттық орнына айналды. Көңілді де ұмытылмас атмосфера орын алды.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/319-adamzat-tabi-atpen-egiz-be-edi-sharasy.html#sigFreeId80feba8f10






