ҚР Үкіметінің 2022 жылдың 18 қазан күні № 833 қаулысымен кәсіби мерекелер қатарына қосылған "24 қазан - Кітапханашылар күні" болып бекітілді.
Содан бері сала мамандарының мәртебесі артып келеді.
Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір - кітапхана. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады.
Құрметті кітапханашылар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Кітапханашы әріптестерімізге кәсіби шеберлік пен парасаттылық, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Мерейлеріңіз үстем болсын! Мереке құтты болсын!