«ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАЙЫҚ!»
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 1 «Д» сынып оқушыларының қатысуымен «Жол ережесін сақтайық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбие сағатында оқушылар жол қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін нығайтып, жол белгілеріне байланысты бейнероликтерді көріп, өз өмірлерінің қауіпсіздігіне қатысты ойларын айтты.