Мектебімізде мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарға байланысты Қызылорда ст. ЖПб ӘПб АжҚҚАБт инспекторы полиция аға лейтенанты С. Мырзаханов және Қызылорда ст. ЖПб ӘПб аға инспекторы полиция аға лейтенанты С. Асанов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. Кулумбетовтың қатысуымен оқушыларға жиналыс өтті. Онда Қызылорда қаласында және темір жолға жақын орналасқан мектеп оқушыларына механикалық шашыратқыштарды, аэрозоль құрылғыларын заңсыз қолдану фактілерін болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, мұндай адамға зиянды заттарды ұстап жүру, пайдалану қылмыстық жауапкершілікке тартылады.