Республикалық «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында бүгін «5-7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Күзгі асар" жәрмеңкесі өтті. Оқушылар ата-аналарының көмегімен пісірілген тәтті тоқаш, кондитерлік өнімдер, бәліштер, жемістер мен көкөністер әкеліп, қолдан жасалған бұйымдарын жәрмеңкеге шығарды.

Мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қаржылық сауаттылығын дамыту.

Оқушылардың еңбектері бағаланып, жәрмеңкеден түскен қаржы өздеріне үлестірілді. “Күзгі асар” жәрмеңкесіне атсалысқан барша ата-аналарға, оқушыларға, сынып жетекшілеріне АЛҒЫС білдіреміз!