#9mektep

#bilimkzo

Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында Ахмет Байтұрсынұлының оқу-ағарту саласына қосқан үлесі, аудармашылығы, ғылыми -зерттеу еңбектері мен ұрпақ үшін жасаған келелі еңбектерін жан-жақты насихаттау, қазақ халқының аяулы перзентін ұлықтау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл- менің тілім " тақырыбында танымдық іс-шара болып өтті. Шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы және шығармашылымен таныс болып, тақырыптық бейнероликтер көрді.

Ақын мысалдарынан көріністер қойып, тіл туралы өлеңдер оқыды.

Оқушылар эссе жазып, өз ойларын шыңдады.

Ахмет Байтұрсынұлының ұлт үшін сіңірген еңбегін ұмытпай, болашақ ұрпаққа аманат ету біздің басты міндетіміз.