Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі болашақ тұлғаларымызды оқыту мен тәрбиелеуде "Толық адам" ілімі мен "Тілге бойлау" жобасын басшылыққа алып, тілдер мерекесіне орай "Тұғыры биік туған тіл" тақырыбында іс-шара өткізілді. Мұндағы мақсат: Оқушылардың өз еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтап, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына сіңіре білуге үйрету.
Іс-шара барысында оқушылар ақындардың тіл туралы шығармаларын жатқа оқып, “Додокаэдр “әдісімен ой ұшқырлықтарымен сарапқа түсті.
Іс-шараның жалғасы ағылшын пәні мұғалімдерінің театрланған сахналық көрінісімен жалғасын тапты.
«Language is the key to friendship» атты мерекелік іс - шара өткізілді. Іс – шараға 4 сынып оқушылары 3 тілде өлең оқып, ағылшын тілінде «Little red riding hood» ертегісінің қойылымын қойды.Ағылшын тілінде кейіпкер образын сомдаған оқушылардың шеберлігі,көрермендер көңілінен шыға білді.
Мереке соңында балалар 3 тілде керемет ән шырқап, № 9 мектеп- гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары Палмағанбетова Гүлшат Кенжетайқызына құттықтау сөз беріліп, барша белсенді қатысқан оқушылар медальмен марапатталды. «Қазақстан халқы тілдері» күніне арналған іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/299-t-yry-biik-tu-an-til.html#sigFreeIdc0d901875c






