#9mektep

#bilim_quni

БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН💫💫🔔🔔

✅Бүгін –мереке. Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні.

Мектебімізде 1-қыркүйек-Білім күні мерекесіне арналған «Мектебім-мейірім мекені!» салтанатты іс-шара болып өтті. Бүгін мектеп табалдырығын жаңа аттағалы отырған балақайлар үшін өмірдегі ең толқынысты әрі ең ерекше сәттердің бірі, сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні естілетін күн.

✅Мерекелік шараға облыстық мәслихат депутаты Ниязов Мұқтар Мәуленұлы және Облыстық тәрбие,спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Досаев Фархат Лясұлы қатысып, мерекелік құттықтау сөзін сөйледі және мектеп- гимназия директоры Абиев Батырбек Алтынбаевич түйіндеді.

Биылғы оқу жылында мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы, ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығы, қазақ кллассигі, драматург Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығы секілді ақын-жазушылар мен қайраткелердің мерейлі жасқа толғандарын атап өтетін тарихи жыл болмақ. Осы орайда, баршаңызды бүгінгі Білім күнімен құттықтай отырып, сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!