14.06.2024 ж. күні «Жолың болсын, жас түлек!» тақырыбымен «Жас түлек - 2024» 9 - 11 - сынып білім алушыларына арналған «Жалпы орта білім туралы аттестат» тапсыру кеші өткізілді. Мектеп директоры Абиев Батырбек Алтынбаевич сөз бастап және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сардарбекова Гулнар Бакитовна оқушылар мен ата - аналарды құттықтады. Кез - келген мемлекеттің болашағы - білімді ұрпақ. Бүгінгі жастар болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу - білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті. Биыл Нағи Ильясов атындағы Nº9 мектеп - гимназияның 2023 - 2024 оқу жылында 61 - оқушымызға аттестат табысталды.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/284-zholy-bolsyn-zhas-t-lek-attestat-tapsyru-r-simi.html#sigFreeId95f1fb0531






