Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Искаков Ералы Серікбайұлын еске алуға арналған волейбол турнирі өткізілді. Ұлағатты ұстаз Ералы Серікбайұлы бір жыл бұрын айықпас дертке шалдығып ортамыздан бақилыққа кеткен болатын. Еске алу турнирі мектеп мұғалімдері арасында өтті. Әр бірлестіктен жасақталған командалар арасында ойын тартысты өтті. Жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, ұстаз ұрпақтарының демеушілігімен сыйлықтар табысталды. Жарқын жүзді әріптесіміздің ұстаздық жолдағы еңбегі ардақталып, жылда еске алу шаралары жалғасып тұратынын ұжым басшысы жеткізді.