Бердібек Соқпақбаев – өзі өмір сүрген кезеңнің келбетін боямасыз суреттеген қаламгер. Ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан жазушы «Балалық шаққа саяхат» повесінде балғын балалығының қиындыққа толы болғанын жеткізген. Анасы ұзақ уақыт науқастанып, көз алдында өмірден өтеді. Бұл шығармада сегіз жастағы бұғанасы қатпаған бала Бердібектің бір үзім нан үшін ауыр жұмысқа жегілгені, емшектегі інісі Тұрдыбектің тоқтаусыз жылағаны, жетімдіктің зардабын шеккен қиын күндері бейнеленген. «Дүниеде мен үшін одан асқан жексұрын сөз жоқ. Тақиясын қорыған тазшадай осы сөз қай жағымнан сарп ете қалады деп зәрем ұшып, үрейленіп тұрамын.
Балалар, менің қымбатты жан достарым! «Жетім» деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар! Ұр, соқ, төбелес! Тіпті етінен ет кесіп ал, бірақ әлгідей деп тілдеме. Аяңдар!» Жазушы өз естелігінде балалық шағының ауыр күндерін былай жеткізген еді: «Сегіз жасымда шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы жылдары, ең бір қиын кез. Осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым? Осы күнге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екенмін-ау деп таңданамын»...
Бұл үзінді менің бала кезімнен сүйіп оқитын авторымның шығармасынан үзінді. Мектебімізде өткізілген Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай қалалық сайыс өтті. Өте әсерлі шара болды. Қалалық сайыстың жоғары жүлдесі бұйырып неше күннен бергі қарбаласта шаршағанымыз бір сәтте ұмытылып, дайындаған балаларымыздың нәтижелі еңбегіне қоса қуандық.
" Балалар әдебиетінің бәйтерегі" аймақтық сайыс
1 орын Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп- гимназия
2 орын 15 мектеп- лицей
3 орын 3 IT мектеп- лицей