8- Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде әдістемелік бірлестік мұғалімдері мен кіші қызметкерлер арасында "Келіні жақсының-керегі алтын " тақырыбында сайыс өтті. Сайысты ашып берген мектеп директоры Абиев Батырбек Алтынбаевич ұжымдағы нәзік жанды қауымды мерекелерімен құттықтап, отбасы мен қоғамдағы әйел- аналардың еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара соңында жеңімпаздар мен қатысушылар мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.