Армысың,Әз Наурыз! Бүгін мектебімізде "Армысың, Әз Наурыз!" тақырыбында 8,9,10 сыныптар арасында мерекелік сайыс өткізілді. Іс шарада мектеп-гимназиямыздың директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Дәуренқызы қазақ халқының ежелден сақталып атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-дәстүрін, Наурыз мейрамының мәнін айтты. Шараның мақсаты оқушылырды ұлтжандылыққа ,имандылыққа, инабаттылыққа ,халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу болатын. Ұлттық киім үлгісін таныстырылды. Ұлттық ойын өнер көрсетті . Сайыс барысында қатысушылар ұлттық ас тағамдардың шығу тарихы, оның адам ағзасына пайдасы мен маңыздылығы насихатталды. Сайыс қорытындысымен жеңімпаз сыныптар марапатталды.