Бүгін мектебімізде Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс шара болып өтті. Шараны мектеп-гимназия директоры Абиев Батырбек Алтынбаевич ашып, ұжымды және қонаққа шақырылған ардагер ұстаздарды құттықтады. Мерекеде Наурыз мерекесінің құрметті дәмі- Наурыз көже берілді. Сондай ақ,мектебімізде бірнеше жылдар еңбек еткен, қазірде зейнетте отырған ардагер ұстаздарға ерекше ілтипат жасалды. Мектеп кәсіподақ төрайымы Абитова Фатима Ахметовнада қонақтарға тілегін білдіріп кәсіподақ атынан сыйлықтар табыстады және 75 жастағы зейнеткер ұстаздар Есентемирова Бахыт пен Байхожаева Ботагоз апайларға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар мектебімізде еңбек етіп жүріп зейнет жасына жеткен Уразалиева Гульзинет, Нурмушева Жанат апайларда қошеметтен тыс қалмады. Наурыз мерекесі мен Қасиетті Ораза айының құрметіне мектептін барша мұғалімдері мен кіші қызметкерлеріне де сыйлықтар табыс етілді.