Мектебімізде қаңтар айының 5-і күні бастауыш сынып мұғалімдері Жамал Бердигуловна мен Үміт Жанбөбекқызын зейнеткерлікке шығарып салу кеші өтті. Қос ұстазымыз 1979 жылы Н.Гоголь атындағы педашогикалық институтқа бірге түсіп, бірге тәмамдайды. Араға жылдар салып, ұстаздарымыздың еңбек жолы Нағи Ильясов атындағы N:9 мектеп гимназиясында тоғысады. Бүгінде осы мектеп қабырғасында қызмет атқарып, абыроймен еңбек демалысына шықты. 30 жыл бойы аянбай тер төккен ұстаздарымыз осы уақыт аралығында бірнеше мәрте түлек тәрбиелеп шығарған. Бұл жайлы мектеп директоры Абиев Батырбек Алтынбаевич кештің ашылуында баяндады. Бүгінде шәкірттерінің алды белді қызметтегі ел сыйлайтын азаматтар. Ұстаздарымызды құрметтеп шәкірттері, балалары келіп, ыстық лебіздерін білдірді. Ұжымның ұйымдастыруымен тосын сыйға толы тамаша кеш өтті. Кеш соңында естелік суретке түсіп, ұстаздарымыз ұлықталды.