Әліппеге мың алғыс Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп- гимназиясы бастауыш 1 сынып оқушыларының«Әліппеге мың алғыс!» әліппемен қоштасу ертеңгілігі болып өтті.Ұлт ұстазы ,Әліппенің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының «Балалар ,оқуға бар, жатпа қарап ....» - деп білім алуға шақырған әліппесінен алған білімдерін ортаға салып , өз өнерлерін көрсетіп ,әннен шашу шашты.Оқушылар алған білімдерін болашақта өзі үшін де ,елі үшін де пайдалы екенін түсініп ,әрі қарай білімдерін кеңейтетін «Ана тілі» оқулығымен танысты.