Бүгін мектебімізде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Қыз жібек" қыздар клубының мүшелері және мектебіміздегі қыздар ұйымының қатысуымен "Қыз өссе елдің көркі" тақырыбында қыздармен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы қасиеттерді дамыту.