ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

8-желтоқсан күні М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде Ә.Молдағұлова атындағы N:173 орта мектебінің 60 жылдық мерейтойына орай "Балдаурен" атты қалалық бастауыш сыныптар арасындағы ән- би байқауы өткізілді.
Байқауға Нағи Ильясов атындағы N:9 мектеп- гимназияның 1 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ, 1"В" сынып оқушысы Аяхметова Балжан " Хореография" жанры бойынша 2 орынды иеленді. Жетекшісі: Шаймаханова Сауле.
1"Б" сынып оқушысы Мажит Айару " Еркін тақырыптағы ән" жанры бойынша 3 орынды иеленді. Жетекшісі: Елешова Бақыт.
1 "Д" сынып оқушылары " Театрланған сән үлгісі" жанры бойынша "Шалқан" ертегісінің кейіпкерлерін сомдады. Жетекшісі: Альжанбаева Анастасия.