ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Қаламыздағы N:278 мектепте Қызылорда облысы білім басқармасының ұйымдастырумен Кеңес одағының батыры М.Мәметованың 100 жылдығына орай мектеп оқушыларының гандболдан облыстық күзгі спартакиадасы өтті.

Нәтижесінде Қызылорда қаласының намысын қорғаған қыздар командасы 2 - орынды иеленді.

Атап өтер болсақ мектебіміздің жеті оқушысы командаға өз үлестерін қосып сонымен қатар жарыста үздік шабуылшы болған оқушымыз Кобалева Любовь белсенді ойын көрсетіп топ жарды.

Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Пожемите Рута Иозапас.

Алдағы уақытта спортты жанына серік еткен қолдопшыларымызға сәттілік жолдас болуларына тілекшіміз!