Нағи Ильясов атындағы N:9 мектеп - гимназиясының 7 "Б" сыныбында. "Отбасы тәрбиесі" тақырыбы бойынша тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Бір отбасындай болған сынып оқушыларының арасындағы, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты нығайту мақсатында түрлі пікір алысып, өз ойларын ортаға салды. Түйінді ой айта келе оқушылар сабақ соңында ата - аналарына телефон шалып: "Мен сізді жақсы көремін", - деген сөзді айтқанда көп оқушылар ішкі толқынысын жасыра алмай, осы қарапайым сөзді жиі айтпайтындарын байқатып жатты. "МЕН СІЗДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН, АНАШЫМ, ӘКЕШІМ", - деген қарапайым да асыл сөзді жиі айтайықшы, ардақтыларым.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/238-otbasy-t-rbiesi.html#sigFreeId07c63c6c9f






