Қол добының қыр - сырымен таныс болуға қаланың 54 мектебінен мұғалімдер қатысты. Жалпы, Қызылордада гандбол жақсы дамыған дей алдамыз. Уақытында сырбойылық спортшылар Олимпиада төрінде де ел намысын қорғаған болатын. Ашық сабақ барысында қол добы спортының әдіс - тәсілдерін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Пожемите Рута кеңінен түсіндіріп, өз ақыл - кеңесін айтты. Ашық сабаққа қатысушылар мазмұнды іс - шараның жоғары деңгейде өткенін айтып, жалғасын таба берсін деп тілегін білдірді.