Нағи Ильясов атындағы N:9 мектеп - гимназияда 1 - желтоқсан Дүние жүзілік ЖИТС - пен күрес күні қарсаңында 8 - 11 сынып оқушыларымен <<Теңдік уақыты>> тақырыбында іс - шара өткізілді.

Аталған іс - шараға ЖИТС орталығының мамандары Ж.Нұртазаева, М.Қасымова қатысты.

Шара барысында:

1. АИТВ / ЖИТС - тің ҚР, облыстағы індеттік ахуалы;

1. АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары;

3. Дискриминация, стигманың алдын алу;

Оқушылар орталық мамандарына өздері білгілері келген сұрақтар қойып пікір алысты. Мамандар тарапынан ЖИТС - тің өте жұқпалы және емі әлі күнге табылмаған ауру екенің айта келе оны алдын алудың барлық тетіктері түсіндірілді. Сондай ақ қатысушыларға ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Бейне роликтер көрсетілді.