Бүгін мектебімізде "Ұстаздық - ұлы еңбек" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Момынова Гүлзира Мұсатайқызын зейнеткерлікке шығарып салу кеші болып өтті.
Гулзира Мұсатайқызы 38 жыл мұғалімдік өтілінің 29 жылын осы ұжымда мұғалімдік қызметке арнаған. Жас буынға берері көп әсерлі және мағыналы іс-шараны ұжым басшысы Батырбек Алтынбайұлы Абиев ашты. Сондай ақ, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Палмағанбетова Гулшат Кенжетайқызы, мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Абитова Фатима Ахметовна кеш иесіне ыстық ықыластарын айтып, сыйлық тарту етті. Кештің қадірлі қонақтары мерейтой иесінің курстас құрбылары, замандас әріптестері және отбасы болды. Олар Гүлзира Мұсатайқызының бойындағы асыл қасиеттерін жастық шақтың қызықты сәттерін еске алып, көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлай білді. Қазірде жігіт ағасы болған шәкірттері де өз ұстаздарына жүректі тебірентерлік лебіздерін жеткізді.
Филормония әншісі Қарғабаев Бағдәулет ұзтазына және кеш қонақтарына ән шашуын тарту етті. 9 мектеп-гимназияның шәкіртері өз өнерлімен кеш ажарын аша түсті. Ұстазға жасалынып жатқан құрметке жұбайы және балалары үлкен толқыныспен ұжым басшысына, ұстаздар қауымына алғысын білдірді. Гүлзира Мұсатайқызының ұжымдастары, әсіресе, жас ұстаздар кештің жоғары деңгейде өтуіне ыстық ықыластарымен, зор үлестерін қосты.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/225-b-gin-mektebimizde-stazdy-ly-e-bek.html#sigFreeIdc6fbb7fc08






