Құттықтаймыз 💐💐💐 Ыбырай Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің 60 жылдығына орай ұйымдастырылған "Сенде бір кірпіш дүниеге..." тақырыбындағы қалалық шығармашылық байқауда мектебіміздің 5"Д" сынып оқушысы Махмут Альбина ll-орынды иеленді. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әптіхан Шынар Бақытбекқызы. Талантты оқушымыз бен жетекшісіне алдағы уақыттарда биік белестерден көріне беруіне тілек білдіреміз.






