25-қазан Республика күні мерекесіне орай қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шарада мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сардарбекова Гулнар Бакитовна қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Әріптесіміз ширек ғасырдан астам осы білім ордасында еңбек етіп келеді. Ұжым атынан Гулнар Бакитовнаны марапатымен құттықтай отырып, денсаулық, қажымас қайрат, отбасына амандық тілейміз!