22.10.2022 күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы МАД тәрбиеленушілері мен 1-сынып оқушылары арасында “ӘН ШЫРҚАЙЫҚ БӘРІМІЗ” тақырыбында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқау шарты бойынша орындаушылық қабілет пен өлең мазмұнының туған жерге деген сүйіспеншілік болуы тиіс. Аталған шарттарды өз нақышында орындап шыққан балақайларға марапаттар табысталды. Сондай ақ, ән шашулары мен сурет салу шеберліктерінен де Отанға деген патриоттық сезімдері айқын көрінді