Бүгін мектебімізде «Қазақ тілі мен әдебиеті» , «Ағылшын тілі» , «Өнер», «Химия» , «Биология», «География » бірлестіктері мұғалімдері мен мектеп психологтарының ұйымдастырумен «Күз - береке бастауы» тақырыбында мектепшілік фестиваль өтті. Фестивальдің ерекшелігі бағдарламасы жан жақтылықпен әзірленді. Атап айтсақ, ерекше білім беруді қажет ететін балалар қолөнерінің көрмесі, ондағы бұйымдар мен туындылар экологияны қорғаудың маңыздылығын суреттеді. Сондай ақ, оқушылардың ағылшын, орыс тілдерінде, ал басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілінде мәнерлеп өлең оқулары көрерменді сүйсінтті. Аталған фестивальге Қорқыт Ата университетінен, "Өрлеу" БАИ нан және Облыстық өлкетану музейінен қонақтар қатысты. Шара барысында мектеп директоры Абиев Батырбек Алтынбаевич және Психологиялық- медициналық, педагогикалық консультация басшысы Шаймерденова Салима Каппаровна сөз алып, жас жеткіншектерге сәттілік тіледі. Шара соңында фестивальге белсене қатысқан оқушыларға марапаттар табысталды. Қонақтар да игі шараға деген жылы лебіздерін білдіріп, ұжымға ынтымақ тіледі
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/211-k-z-bereke-bastauy.html#sigFreeIdd95707ad51






