Бүгін мектебімізде 8-10 сынып қыздары арасында "Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі" атты кездесу өткізілді. Кездесуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің мамандары қатысып, мектебімізде "Қыз жібек" қыздар клубы құрылып, құрамы сайланды. "Қыз жібек " клубының негізгі міндеті: тарихи дара тұлға- арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарды салт- дәстүрлерді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу жөнінде насихаттау іс-шарасы жүргізілді.Шара соңында оқушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, әрі көнілді әуенмен гитара үнін тындап ,келген қонақтарға ризашылықтарын білдірді