Бүгін мектебімізде Ұстаздар мерекесіне орай "Қалдырған ізің мәңгілік, .." атты әдеби- музыкалық кеш болып өтті.
Шарада мектеп ұстаздарының білім көкжиегіндегі еңбектері сөз болып, алдыңғы қатарлы жетістіктерге қол жеткізген бірнеше мұғалім облыстық "Өрлеу" біліктілікті арттыру иститутының директоры Б.Т.Елеусіновтың Құрмет грамотасымен, Облыстық білім басқармасының және Қалалық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сардарбекова Гулнар Бакитовна табыстады.
Мектеп оқушылары ұстаздарына деген құрметін ән- бимен көмкеріп, соңы ұстаз бен шәкірттердің вальсіне ұласты.