Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толуына орай Нағи Ильясов атындағы N:9 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ахмет-ұлт ұстазы" атты әдеби кеш болып өтті.
ХХ ғасырдың біртуар азаматы, өз халқының айнасы болған ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларды сусындата отырып, оның туған халқы үшін аянбай еткен еңбегін дәріптей келе, ұрпаққа үлгі ете отырып терең мағлұматтар берілді. Оқушылар ақын еңбектерімен танысып, мысал өлеңдерін жарыса оқыды. Әдеби кешке белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Көпке үлгі боларлық іс жалғасын таба берсін!