БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ✅️
Нағи Ильясов атындағы № 9 мектеп- гимназиясында 1-қыркүйек білім күніне орай іс-шара өтті.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін!
Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілейміз ! ! !
Ал оқушыларымызға осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңыздар! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар!
Осынау атаулы күні, Баршаңызға жаңа оқу жылында зор жетістіктер,шығармашылық табыс, отбасыларыңызға
амандық-саулық тілейміз !