Қол добы – өте қызықты спорттың бір түрі. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен гандболдан «Ұшқыр доп» турнирі өткен болатын. Ойын 7-8 сынып оқушылары арасында (қыздар) өтті. Ұлттық мектеп лигасы аясындағы жарыста жалпыкомандалық есепте №9 мектеп-гимназиясы 1-орын алды.🥇🥇🥇
Спортты жанына серік еткен қолдопшыларымызға орталық директоры С.Садықовтың грамотасы табысталды.