Құрметті оқушылар!Ардақты ұстаздар мен ата-аналар!

Сіздерді бүгінгі соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Соңғы қоңырау мерекесі - бұл мектеп тарихында ғана емес, әрбір мектеп бітірушінің өмір тарихының жаңа парағы ашылатын күн.

Түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасады, ұстаздар өздерінің шәкірттерін өмірге қанаттандырады.

Барша жас түлектерге айтарым алдағы өмір жолдарың ашық, жарқын болсын! Ұлттық Бірыңғай тестілеуден сәтті өтіп, сүйікті мамандық иесі атануларыңа тілектеспіз ! Сонымен қатар, барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, жайдары көңіл күймен, зор күш қуатпен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспіз!

Мереке құтты болсын!