Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 4 сынып оқушыларының "Бастауышым-балбұлағым" атты дәстүрлі мерекелік іс-шара болып өтті.

Мерекелік шарада 4-сынып оқушылары өз ұстаздары мен ата-аналарына арнаған өнерлерін ортаға салды.

5 - сыныпта жетекшілік ететін сынып жетекшілерімен танысу рәсімі де орын алды. Өз балаларының білім нәрімен сусындап, болашағы жарқын боларына сенген ата-аналар ұстаздар мен мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

Мектеп ұстаздары бүгінгі мерекені зор ықыласпен қабыл алды.