Қан тапсыру үлкен сауапты істердің қатарында, денсаулығы үшін жанталасып жатқан әрбір науқасқа өмір сыйлауы мүмкін екенін барлық адам сезінуі керек.
Дәрігерлердің айтуынша қан беру адам денсаулығына зиян емес, керісінше физиологиялық, психологиялық жағынан пайдалы.
Егер еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсырып тұруды азаматтық парыз деп санаса, мыңдаған науқас ауруынан айығып, қаншама адамнын ықыласына бөленуші еді!






