Құттықтаймыз ???

Ұстаз мәртебесін көтеріп, білім қызметкерлерінің мүддесін қорғауда кәсіподақтың қосар үлесі зор. Бүгінгі өткен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облысындағы филиалының отырысында әріптестеріне шынайы қолдау берген бірнеше кәсіподақ мүшелері марапатталды. Солардың бірі, аймақтың білім саласын дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген Нағи Ильясов атындағы N:9 мектеп- гимназия директоры Абиев Батырбек Алтынбаевич "Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" белгісі табысталды.

Батырбек Алтынбайұлына ұжым атынан деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне толағай табыстар тілейміз!