Дарындылық туа біткен қасиет, біреулерде әлсіз, енді біреулерде күшті. Дарындылықты ары қарай дамыту, шыңдау мұғалімнің қолында. Мектеп – гимназиязымыздың сондай дарынды оқушыларының бірі 7 «В» сынып оқушысы На Максим. «Зерде» ғылыми жоба сайысында Максим «Орыс тілі» секциясы бойынша «Слова-паразиты в современной речи» тақырыбында ғылыми жобаны қорғады. Жоба өзінің өзектілігімен, ғылыми жаңалығымен жоғары бағаланып жүлделі ІІ орын иеленді. Дарынды оқушымыздың жетекшісі мектеп – гимназиямыздың орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тунгишбаева Гульжанат Орынбасаровна. Осындай дарынды, зерттеуші балалар келешектің кепілі мен болашақтың кемелдігінің тұтқасы.







