АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар !!!
Сіздерді Көктемнің алғашқы мерекесі 1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке елімізде жалпы халықтық мереке болып табылады. Бұл күн - түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған қазақ еліне деген алғыс ретінде жалпы ұлттық деңгейде аталып келеді.
Осынау ізгі мерекеде Сіздерге тыныштық пен бейбітшілік, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт пен сапалы білім тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен:
Нағи Ильясов атындағы
N°9 мектеп-гимназия директоры
Абиев Батырбек Алтынбайұлы