"ҰЛТ ҰСТАЗЫ" Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған байқау өтті Аталған байқауға қала мектептерінен қатысқан 50 оқушының ішінен біздің мектебіміздің оқушысы Ерболат Жанерке қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Шәкіртінің бабын жасап байгеге қосылуына барлық білігін жұмсаған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Күздеубаева Әлия апайдың еңбегі зор. Жеңімпаз ұстаз бен шәкіртке алдағы уақытта да тек сәттіліктер тілейміз!