"«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстыру, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, пайдалы тағамдар және зиянды тағамдар жөнінде кеңестер беріліп, слайдтар көрсетілді. Дұрыс тамақтанудың ережелері, дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары туралы айтылды.
«Әлемдегі ең пайдалы азықтар» балық, ет тағамдары туралы, сүт, жұмыртқа, жаңғақ, жеміс-жидектерден алма, банан, жүзім т.б. С дәруменге бай жемістер мен оның пайдасы жайлы айтылды.
Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылатынын, мұндай сусындар қант диабетімен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті, тек диабетпен ауыратын адамдар үшін емес тағы бауыр, бүйрек, асқазан, ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусынның орнына химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніміз жөн. Дұрыс тамақтана білейік, достар!
1 “Ә” сынып жетекшісі: Жамиева Айгүл.