Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында "Ағылшын тілі апталығы" басталды! 
Апталықтың мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік құзыреттілігін дамыту және шет тілін үйренудің маңыздылығын көрсету.
Күтілетін нәтиже:
– оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлей алу дағдыларын жетілдіру;
– шығармашылық қабілеттерін, мәдени танымдарын дамыту;
– тіл арқылы түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Апталықтың ашылу салтанатында оқушылар өздерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін ерекше форматта таныстырды. 
Үш тілде өлең айтып, әлем ұлттары ретінде өзіндік мәдениеттерін көрсетті. 
Сондай-ақ, шет тілінде ертегі қойып, түрлі тілдік ойындар арқылы білімдерін шыңдады.
Іс-шаралар барысында оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы ерекше байқалды.
"Ағылшын тілі апталығы" әлі де қызықты кездесулер мен сайыстармен жалғасады!