«Шынықсаң – шымыр боласың» спорттық сайысы
Мектебіміздің арнайы мамандары 2025 жылдың 16 қазан күні
«Шынықсаң – шымыр боласың» атты спорттық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу,
дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру және
топпен бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу болды.
Спорттық сайыс 4 кезеңнен тұрды:
 Кім шапшаң?
 Тез қимылда
 Көңілді старттар
 Арқан тарту
Оқушылар барлық кезеңдерде белсенділік танытып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып сыйлықтары табысталды.