2025 жылдың көктемгі демалысы барысында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың арнаулы қабілеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Денсаулық күніне" орай Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп-гимназиясында денешынықтыру пәні бірлестігінің ұйыидастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында баскетбол элементтерімен эстафета сайысы өткізілді.
🔸Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру, топтық жұмысқа бейімдеу және спортқа деген қызығушылықтарын дамыту.
🔸Сайыс барысы: Эстафета жарысына әр сыныптан құрылған командалар қатысты.
Оқушылар баскетбол элементтерін орындап, жылдамдық пен шеберліктерін көрсетті.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылар допты алып жүру, дәлдікпен пас беру және шапшаңдықты талап ететін тапсырмаларды орындады.
🔸Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, мадақтамалармен марапатталды. Іс-шара оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, дене дайындығын жетілдіруге оң ықпал етті.
🔸Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы өтті.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/sportty-sektsiya/519-densauly-k-ni.html#sigFreeIdd1d97eedde






