Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың 5 қыркүйегінде Н. ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 10-сынып оқушыларына «Ел үшін ерлік еткен-ұрпаққа өнеге» тақырыбында «Ерлік сабағы» өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға отансүйгіштік, ел бірлігі мен жер тұтастығын сақтау тақырыбында тағылымды ойлар айтылып, әскери қызметтің абыройлы міндеттері кеңінен түсіндірілді. Ардагерлер мен әскери қызметшілер ел тарихындағы батырларымыздың ерлік жолын үлгі етіп, жас ұрпақты патриотизмге, табандылық пен бірлікке тәрбиелеудің маңызын ерекше атап өтті.
Қазақ тарихында ерлік жасаған тарихи батырларымызға шолу жасап, ХХ ғасыр қаһармандарынада назар аудырылды. Ұлы Отан соғысындағы елі үшін жанын пида еткен батырларымызға тоқталып кетті.
Мақсаты: оқушылардың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, елін-жерін қорғауға дайын болуға баулу және мемлекетіміздің бірлігі мен тұтастығын дәріптеу. Ерлік ұғымын түсіндіру.
Міндеттері:
• жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттыру;
• әскери-патриоттық тәрбие арқылы жауапкершілік пен табандылыққа баулу;
• тәуелсіз Қазақстанның болашағы – білімді, қайсар, патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Бұл ерлік сабағы оқушылардың рухани және патриоттық санасының қалыптасуына зор үлес қосқан тағылымды іс-шара болды.






